Ақмола облысында 300 мың гектар алқаптың топырағы тексерілді

223

Ақмола облысындағы агрохимиялық зертхана егістік егілетін 300 мың гектар алқапқа талдау жасады деп хабарлайды Вnews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Ақмола облысы Жақсы ауданындағы «AgroComplexExpert» зертханасы топыраққа талдау жүргізіп, негізінен мұнда Р микроэлементі (фосфор) жетіспейтінін анықтаған. Зерттеу жүргізілгеннен кейін аргарийлерге тыңайтқыштарды таңдауға қатысты кеңес беріледі. 2010 жылдан бері аталған зертхана аймақтағы 300 мың гектар алқаптың топырағына зерттеу жүргізген.

Агрохимиялық зертхана осы заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондықтан қажетті талдау тез әрі сапалы жүргізіледі. Сонымен қатар мұндағы сынақ зертханасында астық тұқымдарынан ұнға дейін сараптамаға қабылданады және сапа сертификаты беріледі.

Бұл сертификат Қазақстан ғана емес, шетелде де жарамды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *