Ақмола облысында электронды кітаптар жарық көре бастады

209

Ақмола облысында аймақтың белгілі тұлғалары жайлы электронды кітаптар жарық көре бастады деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған Kazgazeta.

Мұндай бастаманы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы қолға алыпты. Бұдан бөлек мамандар ауылдар энциклопедиясын да шығарған. Бұл электронды басылымдарды кітапхананың кез келген оқырманы оқи алады. Бірақ әзірге олар тек 10 шақты данадан ғана. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды», – дейді кітапханашылар. Алдағы уақытта экология және туризм бағытында да осындай электронды кітаптар жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылмақ.

Маржан Мұқашева, кітапханашы: 

— Ауылдар энциклопедиясына Ақмола облысының ауылдары, яғни оның ішіндегі ұлы адамдары жайлы және өз туған жеріне үлестерін қосқан адамдар жайлы деректер жиналған. Осы деректер оқырмандарымызға ақпаратты тез табуға және отандастарымыздың қызметі және өмірімен толық танысып, мағұлмат беруге үлкен мүмкіндік береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *