Ардағымыз – ата заң

277

Бүгін, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Ата Заңымыздың ел үшін қаншалықты рөл атқаратыны баршаға белгілі. Бұл азаттығымызды айқындайтын, дербес мемлекет екенімізді паш ететін қастерлі құжат. Ол – кешегі Қасымның «Қасқа жолының», Есімнің «Ескі жолының», Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы. 
Қоғам тамырының бүлкілі, тыныс-тіршілігіміз Ата Заңнан бастау алады. Ол ұлтаралық жарасымдылықтың алтын діңгегі. Дүниежүзі танитын мемлекетке айналуымыз да Ата Заң шапағатының арқасы. 
Жалпы Конституцияны құрметтеп, ондағы талаптарды бұлжытпай жүзеге асыру – басты міндет. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев былай деген болатын: «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауы­­мыз керек». 
Біздің Ата Заңымыз жол көрсетер темірқазығымыз, ардағымыз, айбынымыз. Осы Заңның аясында тәуелсіздігімізді нығайтып, бірлігімізді күшейтіп, төрткүл әлем сүйсінер жетістіктерге жетіп келеміз. 
Конституциямызды сыйлай білейік. Оның талаптарын мүлтіксіз орындай алсақ ырыс-берекеміз, татулығымыз одан сайын арта түсетіндігі анық. 
Мереке құтты болсын!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *