Алматының бас жоспарына жауапты институтты қайта ашу керек — Назарбаев

Мемлекет басшысы тиімді инфрақұрылым қаланы табысты дамытудың маңызды мәселелерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 – Соңғы бес жылда оның дамуына бюджеттен 430 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. 30 жолайрық желісі салынып, 330 шақырым инженерлік желі іске қосылды, метро дамып келе жатыр. Алматының тарихи орталығының үштен бірі жаңғыртылды. Бұл қала тұрғындарын қуантып, экономиканы дамытады әрі туристерді тартады. Сонымен бірге, мұнда шешімін таппаған мәселелер әлі де көп. Ең алдымен, бұл қаланың көлік жүктемесіне қатысты. Күн сайын 700 мың автокөлік қатынайды. Бұл мәселені смарт-технологиялар базасында көлік жүйесінің «ақылды» элементтерін енгізу арқылы шешу қажет. Ол қала тұрғындарының тұрмысын мейлінше жайлы ету үшін көліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының саны өсіп, оның аумағы ұдайы кеңейіп бара жатқанын ескеріп, қаланың бас жоспарын әзірлеуге жауапты институтты қалпына келтіру мәселесін көтерді.

– Соңғы 10 жылда қала 2 еседен артық өсті, жаңа екі аудан – Алатау және Наурызбай аудандары құрылды. Алайда, қаланың бас жоспары 2004 жылдан бері өзгертілген жоқ. Бас жоспарды әзірлеуге жауапты институт 2008 жылы жабылды. Егер қажет болса, осындай институтты қайтадан ашу керек, – деді Мемлекет басшысы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *