Абаев Мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінің маңыздылығына тоқталды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы әңгімесіне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Министрдің айтуынша, президенттердің телефон арқылы сөйлесуі – бетпе-бет жүздесіп, толыққанды кездесу өткізумен пара-пар.

«Мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуі, менің ойымша, бұл кәдімгі толыққанды кездесу. Себебі онда бірқатар өзекті мәселе талқыланады, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында алдын ала келісіледі, содан кейін телефон әңгімесі Президенттің кестесіне енгізіледі. Вашингтон мен Астана арасындағы 12 сағаттық айырмашылықты ескерсек, осы әңгіменің күнін, уақытын үйлестіру – мұның бәрі өте үлкен ұйымдастырушылық жұмыс. Сондай-ақ, мәселен, телефон әңгімесіне АҚШ президенті бастамашы болса, бұл да дипломатияда өте маңызды. Телефон әңгімесіне не түрткі болды, қандай мәселелер қозғалды, яғни осының бәрі ескеріледі. «ЭКСПО» көрмесінде болған президенттік делегациядан кейін, кездесулер қорытындысынан кейін қос президент телефон арқылы сөйлесті. Яғни, мұның бәрі өзара байланысты. Елбасының АҚШ-қа ресми сапармен келуге шақыру алуы да жақсы сигнал», — деп атап өтті Абаев.

Естеріңізде болса, Елбасы 2 қыркүйек күні АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен болатын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *