Сағадиев ұстаздардың еңбекақысын көтеруге қатысты пікір білдірді

Мұғалімдердің жалақысын көтеру қажет. Оны мен де қос қолдап қолдаймын. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында өткен орта білім беру жүйесінің проблемаларына арналған парламенттік тыңдаудан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистерге айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 «Парламент тыңдауында мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесі көтерілді. Бұл – өте маңызды сұрақ. Ұстаздардың еңбек ақысын көтеру керек. Ол барлығына түсінікті. Мен оны қос қолдап қолдаймын. Бірақ көптеген сұрақ біздің ведомствоның құзыретінен тыс жатыр. Көптеген сұрақ қазіргі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Біз қолдан келгенін жасап жатырмыз», — деді ол.

Осы орайда Білім және ғылым министрі ұстаздардың жағдайын жақсарту үшін қандай шаралардың қолға алынып жатқанына тоқталды.

«Мұғалімнің мектепте болатын уақытын қысқартып жатырмыз. Жарайды 5 минутқа қысқарттық делік. Ол 20 сағатта 100 минут болады. Сенбі күні мұғалімдерге 100 минут демалуға беріледі. Аз болса да демалсын. Біз мұғалімдерге қатысты оқу жүктемесін азайтуды да жалғастыра береміз. Бұл сұрақ та қаржыны талап етеді. Аталған мәселені Қаржы министрлігімен, Мәжіліс және Сенатпен талқылаймыз», — деді Ерлан Сағадиев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *