Ангела Меркель Бундестагқа қайта сайланды

61

Германия канцлері, Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы (ХДО) Ангела Меркель өзінің сайлау округі — Мекленбург-Алдыңғы Померания федеративтік жерінде сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұны жексенбі күні кешке Федералды сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтер айғақтайды, деп хабарлайды ТАСС.

Меркель 44% дауысқа ие болды.  Бұған дейінгі сайлауларда оған тұрғындардың 56,2%-ы қолдау білдірген болатын. ХДО көшбасшысы өз округінде 1990 жылдан бері жеңіске жетіп келеді. Оның қарсыласы Ляйф-Эрик Хольм 19,3% дауыс жинап, екінші орынға ие болды.

ҚазАқпарат  агентігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *