Қазақстанда 2016 жылы әр адам 76575 теңге табыс тапты

197

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, былтыр елімізде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 76575 теңгені құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 14,6%-ға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7% төмендеді.

2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артты.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 56-63% құрайды.

Өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есені құрады (2015 жылы – 3,6 есе).

2016 жылғы халықтың атаулы ақшалай табыстары




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *