Головкин ақылы трансляция бойынша өз рекордын орнатты

187

Мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин ақылы трансляциялардың сатылымы (pay-per-view) бойынша жеке рекордын орнатты, деп хабарлайды Sports.kz тілшісінен сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Los Angeles Times таратқан ақпаратқа сүйенсек, Головкиннің «Канеломен» 16 қыркүйектегі айқасын 1,3 миллион HBO PPV жазылушысы тамашалаған. Алдыңғы екі PPV жекпе-жегінде Головкин 200 мыңдық көрсеткіштен аса  алмап еді: 2015 жылы Давид Лемьеге қарсы айқаста 150 мың, ал 2017 жылы Дэниэль Джейкобспен жұдырықтасқанда 170 мың PPV жинаған болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *