ДСМ Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтарды елге әкеледі

283

Денсаулық сақтау министрлігі Түркияда жол-көлік апатынан зардап шеккен Қазақстанның 3 азаматын Астанаға жеткізеді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 29 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық авиациясы Түркияда жол-көлік апатынан зардап шеккен Қазақстанның 3 азаматын Астанаға жеткізеді.

«Бүгінгі күні пациенттерді Отанға тасымалдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық пациенттердің жағдайы аса ауыр емес, тұрақты деп бағалануда. Жеткізілгеннен кейін пациенттер Астанада Травматология және ортопедия ҒЗИ-да барлық қажетті білікті медициналық көмек алатын болады. ҚР тұрғындарына жедел медициналық көмек Санитариялық авиацияның күшімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі» — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті адам жантүршігерлік жол апатына ұшырған болатын. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапты, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алған еді. ҚР СІМ мәлметінше Қазақстан азаматтарының сақтандыру полисі болмаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *