Нұрсұлтан Назарбаев: Халықаралық қатынас мамандарына деген жауапкершілік арта түсті

Астанада Тәуелсіздік сарайында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО) түлектерінің ІV халықаралық форумы өтіп жатыр. Жиында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арнаған хатын оқып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 «Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің ІV халықаралық форумының ашылуына қош келдіңіздер. Бүгін Астанада халықаралық қатынастар саласында әлемдік деңгейде білікті мамандарды дайындайтын беделді жоғарғы оқу орны түлектері бас қосып отыр. Университет саяси, қоғам қайраткерлері, дипломанттар, журналистер, кәсіпкерлер сынды саңлақтар тобын дайындауда альма-матер болып саналады. Олар әр түрлі мемлекеттердің қызметінде маңызды рөл атқарады», — деп оқыды Тоқаев.

Сонымен Мемлекет басшысы аталған университеттің халықаралық беделіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, қазіргі таңда халықаралық қатынас мамандарына деген жауапкершілік арта түскен.

«Бұл институт ТМД елдерінде ғана емес, алыс шетелде де жоғары беделге ие. Осы жоғарғы оқу орнында заман талабына сай жан-жақты, терең білім алуға болады. Қазіргі таңда әлемдік саясаттағы, экономикадағы, қоғамдық өмірдегі турбалентті жағдайларда халықаралық қатынас мамандарына деген жауапкершілік арта түсті. Сондықтан оқу орнының алдағы атқаратын қызметінің маңызы зор. Аталған форумды ұйымдастыру жақсы дәстүр деп санаймын. Онда түлектер әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде өзара пікір алмаса алады. Барлықтарыңызға форумда және алдағы қызметтеріңізде сәттілік тілеймін», — деп жазылған Н.Назарбаевтың хатында.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *