Бензин тапшылығына байланысты «ҚазМұнайГаз» вице-президенті қызметінен босатылды

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі бензин тапшылығы үшін «ҚазМұнайГаз» АҚ басшыларының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тоқталайын. Премьер-министр және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Өмірзақ Естайұлы мен сізге тапсырма беремін.

«ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасына өз міндетін атқармағаны үшін тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды тапсырамын. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевты қызметінен босату туралы тиісті шараны жүргізуге тапсырма беремін. Өмірзақ Естайұлы, маған қолданылған тиісті шара туралы хабар беруіңізді сұраймын», — деді Үкімет басшысы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *