«Экспо-2017» көрмесін өткізу инвесторларды тартудың бірегей мүмкіндігі болды — Б. Қанешев

Kazakh Invest компаниясы Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізудің арқасында Қазақстанға ірі шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев айтты.

Б. Қанешев Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу Kazakh Invest үшін инвесторларды тартудың бірегей мүмкіндігі болғанын мәлімдеді. Оны іске асыру үшін арнайы павильон тұрғызылды, онда ҚР инвестициялар және даму министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің өкілдері әрекеттегі және әлеуетті шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізді. Онымен қоса Kazakh Invest павильонының базасында әлеуетті инвесторлардың АХҚО, Astana Innovations, «Назарбаев университеті» және ҚР ұлттық компанияларының өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылды.

Kazakh Invest компаниясының қызметкерлері көрмені өткізу кезеңінде 140-қа жуық түрлі шаралар өткізді, АҚШ, БАӘ, ҚХР, Швейцария, Австрия, Польша, Чехия, Германия, Италия, Испания, Франция, Малайзия, Түркия, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және т. б. елдерден келген 30 бизнес делегациясының кездесуін өткізді. Сондай-ақ, әлеуетті шетелдік инвесторлармен қарым-қатынас орнату мақсатында жүзге жуық шетел павильондарын аралады.

Барлығы жоғарыда аталып өткен шаралар аясында ынтымақтастық туралы 20-дан астам шартқа қол қойылды. Мәселен, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі аясында Kazakh Invest және Linde Group компаниялары арасында шектелмелі келісімге қол қойылды.

Linde Group өнеркәсіптік және медициналық маңыздағы газ өндіретін әлемнің жетекші компанияларының бірі. Бұған дейін Linde Group Теміртау қ. ТМД-дағы ең ірі ауа бөлгіш қонырғы құрылысын инвестициялаған. «Экспо» барысында компания ҚР-ға техникалық газ шығару бойынша екінші ауа бөлгіш қондырғы құрылысына және сутегі өндірісі зауытының құрылысы үшін $150 млн инвестиция салуға ынта танытты. Kazakh Invest Linde Group-тің инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бастамаларына қолдау білдіреді және барлық қажетті көмекті көрсетуге әзір.

Италиядан бизнес делегациясының келуі нәтижесінде Kazakh Invest және Bionet SrL компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оның аясында Bionet SrL компаниясы Қазақстанда ТҚҚ-ды қайта өңдеу зауытын тұрғызуға ниет білдіріп отыр.

Қазақстан–Польша бизнес-форумы аясында Kazakh Invest және Polpharma компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, Polpharma компаниясы ҚР-ның фармацевтикалық дәрі-дәрмектер өндірісіне арналған жаңа технологияларды әзірлейтін ғылыми-зерттеу және талдамалық зертханаларға инвестиция салуды көздейді.

Анықтама:

Polpharma Польшаның дәрі-дәрмек және белсенді фармацевтикалық заттар шығаратын ірі өндірушісі. Компанияның негізі 1935 жылы қаланған, қазіргі таңда Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында көш бастап тұр.

Сондай-ақ, Экспо аясында Kazakh Invest және Engave Kazakhstan компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес Kazakh Invest компаниясы Engave Kazakhstan компаниясына «Астананың қоғамдық көлігінің жолаушыларын ақпараттандырудың мультимедиялық жүйесі» инвестициялық жобасын іске асыру мәселелеріне көмек көрсетіп, бастамаларына қолдау білдіреді.

Дереккөз:PrimeMinister.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *