Мәжіліс әскерилерге арналған тұрғын үй туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобаларын мақұлдап, ратификацияланатын құжаттарды қарастырды.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары тұрғын үй қатынастары туралы заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба Қарулы күштердің, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруге бағытталып, әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға бірқатар оң өзгерістер енгізілген. Атап айтсақ, әскери қызметшілерді тұрғын үйді жалдағаны үшін өтемақы төлеу жүйесінен тұрғын үй төлемдері жүйесіне ауыстыру ұсынылады. Тұрғын үй төлемдері тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерге әскери қызметте болу мерзіміне қарамастан, Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес аударылатын болады. Осы ретте әскери қызмет мерзімі 2013 жылғы 1 қаңтарда 10 жылдан 15 жылға дейін болған әскери қызметшілерге әскери қызметті 20 жыл өткергеннен кейін тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын қайтарып, жатақханалардағы немесе жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық нысандарда орналасқан қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тиісті тұрғын үй төлемдерінің 50 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Ал 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілер әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген бүкіл кезеңге тұрғын үй төлемдерін аудару ұсынылған. Бүгін сонымен қатар, осы отырыста Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы Заң жобасы депутаттардың қолдауына ие болды. Жаңа жобаға енгізілген өзгерістер «Жетібай – Жаңаөзен» жолының ұзындығы 73 км болатын қосымша учаскесін қосуға бағытталған. Бұл «Жетібай – Жаңаөзен – Фетисов – Түрікменстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын реконструкциялау Ресей Федерациясына Түрікменстан Республикасына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, біздің елдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады. Осылармен қатар бүгін Мәжіліс меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері туралы, сонымен қоса мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру және құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алып, бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі. Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар: Қ. Сұлтанов, О. Казанцев, А. Коңыров, А. Қожахметов, К. Мұсырман, Т. Сыздықов, М. Айсина, Б. Ізмұхамбетов, Р. Ким, В.Косарев, К. Абсатиров, Б. Дүйсенбинов, С.Ахметов, Қ. Ержан, Н. Дулатбеков, А. Перуашев, А. Рау.

Дереккөз:Bnews.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *