Президенттің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

3) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 қазан

№ 559




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *