Армян фотографы түсірген Назарбаевтың ерекше суреті талқыланып жатыр

Армения президентінің фотографы Давид Акопян түсірген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті желіде қызу талқыланып жатыр. Суретті автор Facebook-тегі жеке парақшасына салған екен. Жазбаға әп-сәтте жүздеген адам «лайк» басып, 40-тан астамы репост жасаған. Әсіресе, фотосуретті Қазақстан азаматтары көп бөлісті.

 Пікір білдірушілер сондай-ақ Акопянның еңбегін жоғары бағалап жатыр.

Давид Акопян Today.kz тілшісіне берген сұхбатында өз елінің президентін түсіргісі келгенін, бірақ Назарбаевтың суреті жақсы шыққанын айтыпты. Ол Армения президентінің жеке фотографы болып жұмыс істеп жатқанына жеті жыл болыпты. Осы уақыт ішінде жоғары деңгейдегі көптеген халықаралық кездесуге барып үлгеріпті.

«Өз елімнің президентін түсіргім келіп еді, сәті түспеді. Тек Назарбаев жақсы шықты. Бұрыннан осындай кадр жасағым келіп жүрген. Президент маған қараған жоқ. 50 фотограф лидерлердің залға кіріп келген сәтін күттік, ол маған емес, барлығына қарады. Бұған дейін күзетшілер немесе өзге де қызметкерлер есіктің жанынан әрі-бері өтіп жатқанда осындай жарық болатынын байқадым. Ортада тұрып өз президентімді күттім. Назарбаев бірінші, біздің президент кейін кірді, сөйтіп Назарбаевты түсірудің сәті түсті», — дейді фотограф.

Естеріңізге сала кетейік, Сочиде екі саммит – ТМД басшылары мен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтіп жатыр.

Дереккөз:Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *