ЖАМБЫЛ ИНВЕСТ – 2017 ФОРУМЫ

Бәрі де Қазақстанда жасалған

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында «Жамбыл Инвест-2017» атты халықаралық инвестициялық форумы өтті. Шараға 21 мемлекеттің дипломатиялық корпус өкілдіктері мен кәсіпкерлер қатысты. Шараның мақсаты – Алматы облысының инвестициялық тартымдылығына бизнес-қауымдастық пен халықаралық қаржы ұйымдарының назарын аудару.

Форумның ашылу рәсімінде Жамбыл ауда­нының әкімі Жандарбек Далабаев форумға қатысушы делегаттарға табыс тілеп, өңірде атқарылып жатқан игі істерге тоқталды. «Киелі Жамбыл жерінде, ақындар мен батырлар елінде, Қазақстанның қаржы орталығы Алматы қаласының маңында орналасқан, келешекке деген мүмкіндігі зор Жамбыл өңірінің төрінде, бүгін тағы бір жарқын бастаманы қолға алып отырмыз! «Жамбыл – Инвест 2017» инвестициялық форумы – бұл халықаралық деңгейде алғаш рет өткізіліп отырған игі іс-шара. Аталған форумның бола­шағы зор екендігіне күмән жоқ. Себебі бұл әлем елдерінің маңдай алды мамандары, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері, банк басшылары мен қаржы институты жетекшілері бас қосқан әмбебап жиын. Форум жұмысына табыстар мен сәтті іскерлік келісімдер тілеймін» – деді Ж.Ермекұлы.
Алматы қаласы «Дипломатиялық кор­пус­қа қызмет көрсету басқармасы» АҚ фи­лиалының басшысы Бақыт Оспанов, Венгрия Республикасы Бас консулдығының өкілі Дёрдь Тар, Австрия Республикасы Бас елшілігінің сауда жөніндегі кеңесшісі Михаэлю Мюллер және т.б. дипломатиялық корпус өкілдіктері мен кәсіпкерлер сөз сөйлеп, экономикалық инвестицияны дамыту жайлы өз ойларымен бөлісті.
Форум барысында қонақтар Жамбыл ауда­­нындағы Сүйінбай Аронұлы атындағы му­зейді, «Табыс» сүт фермасын, «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС-нің лампа зауытын, «Сұңқар» ЖШС «Алматы құс фабрикасы» ЖШС-ын аралап, аталмыш өңірдің өнеркәсіп жұ­мыстарымен етене танысты. Әсіресе, шетелдік қонақтар зауыт жұмысына жоғары бағасын берді.
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілері мен бизнесмендер үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын көрсету болды. Форумға келген лауазымды тұлғалар да өз өңірлері мен салаларына инвестиция тартудағы серіктестік мәселесі жайлы баяндады.
Алматы облысының географиялық жағы­нан қолайлы орналасуы заманауи технология­ны қолдана отырып, азық-түлік өнімдерімен 100 миллионнан астам адамды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар облыс басшысы облыс­тың инвестициялық мүмкіндіктері туралы кеңі­нен әңгімелей келе, облыстың аграрлық-индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңнен өңдеуге мамандану негізгі бағыттар ретінде белгіленіп отырғанын тілге тиек етті. Облыста жүгері өндірісіне, сүт-тауарлы фермалар мен өңдеу кәсіпорындарын құруға, туризм саласына, әлеуметтік нысандарды салуға, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде балабақшалар салуға, оған қоса жел және күн электр станцияларын салуға инвестиция тартуға резервтер бар.

Нұрлан ҚҰМАР




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *