Нығматулин: Назарбаевтың бастамалары әр түрлі діндер диалогы үшін бірегей платформа болды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда әлемдік парламенттік қауымдастықты Елбасымыздың контртеррористік бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 Бейбіт сұхбатты ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді біріктіру үшін әлемнің 160-тан аса елінен парламентшілер жиналды. Қазақстанның ұсыныстары мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы ұсыныстары туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин Таврия сарайында өткен Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясына сөйлеген сөзінде айтты.

— Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұранымен терроризмге қарсы ғаламдық коалицияны құруға бағытталған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар бастамалар ұсынды. Біз Парламентаралық одаққа мүше-мемлекеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақтан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық Кодескін» әзірлеу және қабылдау туралы бастамасын қолдауға шақырамыз. Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатерлерінің бірі терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауымдастықтың салмақты үлесі болады деп сенемін, — деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Қазақстанда қалыптасқан және табысты дамып келе жатқан конфессияаралық және этникааралық үнқатысудың бірегей моделі туралы әңгімеледі.

Оның басты қағидаттарының қатарында Н.Нығматулин этно-конфессиялық мүдделерді іске асыруда еліміздің барлық азаматтары үшін конституциялық және құқықтық қамтамасыз етудегі тең мүмкіндіктер туралы айтты.

Қазақстанның этникалық топтарының мәдениеті мен тілдерін дамытуға, ұлтаралық келісімнің тиімді институттарын қалыптастыруға, сондай-ақ дінаралық диалогқа бағытталған мақсатты мемлекеттік саясатты да атап өтті.

Мәжіліс төрағасы елімізегі этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта келе Ассамблеяның БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ-да алған жоғары бағасын атап өтті.

Мәжіліс төрағасы жаһандану жағдайында және мәдениетаралық қарым-қатынастарда ұлттық мәдениеттерді сақтау саласындағы еліміздің жетістіктері туралы, сондай-ақ Парламентаралық Одақтың басқа да мүше мемлекеттерінің осы саладағы оң тәжірибесін атап өтті.

Парламентаралық одақ — 1889 жылы құрылған ең көне халықаралық парламенттік ұйым болып табылады. Бүгінгі күні парламентшілер 173 ел мен 11 парламентаралық ұйымдарды біріктіреді. Өз даму тарихында ПАО парламентаризмнің дамуына, адам құқықтарын сақтауға, халықаралық бейбітшілікті орнатуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді.

Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясының негізгі оқиғаларының бірі «Демократия туралы жалпыға ортақ декларациясының 20 жылдығы: біздің алуан түрлілігіміздің ортақтығы» туралы қарары болды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *