Нығматулин Санкт-Петерборда Парламентаралық одақтың Ассамблеясында бірқатар кездесу өткізді

30

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясының қатысушыларымен кездесулер өткізіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 Финляндияның Парламент төрағасы Мария Лохеламен әңгімелесу барысында одан әрі ынтымақтастықты арттырудыңмаңызды бағыттары айқындалды.

Кездесуде тараптар барлық саладағы қазақстандық-фин үнқатысуының тұрақты түрде нығайып келе жатқанын, сонымен қоса заңнамалық деңгейдің маңыздылығын атап өтті.

Н.Нығматулин мен М.Лохела 2017-2018 жылдардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігі шеңберінде еліміздің қызметіне ерекше назар аударды.

Екіжақты серіктестік Мәжіліс төрағасы мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чунг СэГунмен кездескенде белсенді сипатқа ие болды.

Ресей мен Оңтүстік Кореяда өткен еуразиялық елдердің парламенттері спикерлерінің кездесуі туралы айтқан Н.Нығматулин бұл форумды парламентшілерге аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу үшін қосымша үнқатысу алаңы деп атады.

Сонымен қоса, Парламентаралық одақ төрағасы Сабер Чоудхуримен әңгіме барысы Қазақстан Парламентінің Парламентаралық Одақпен ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту туралы өрбіді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *