«Латынға көшу – заман көшіне ілесу»

Жуырда Алматы университетінің студенттері «Латынға көшу – заман көшіне ілесу» тақырыбы аясында талқылау өткізді. Аталған жиында латын әліпбиінің Парламентте таныстырылған алғашқы нұсқасы мен Елбасына ұсынған соңғы нұсқасы жайында студенттер өз ойларын ортаға салып, қазақ халқының әліпби ауыстыру тарихына тоқталды.

Басқосу барысында 1-курс студенттері Айбар Даумбек мен Нұрбақыт Қуанышбектің латынға көшу туралы пікірлері көпшіліктің көңілінен шықты.

Айбар Дауымбек: Латынға көшу арқылы өркениетті елдердің қатарына қосыламыз. Сонымен қатар, ғылым мен техникасы дамыған елдермен тең дәрежеде болуға мүмкіндік туады, — деген пікірді алға тартса, Нұрбақыт Қуанышбек: Латын әліпбиіне көшу арқылы әлемдегі түркі жұртының рухани үндесуіне мүмкіндік туады. Елбасының латынға көшу туралы бастамасын біз әрқашанда қолдаймыз, — деді.

Талқылау соңында университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сымбат Аманғалиева қорытынды сөз сөйлеп, жастардың латын әліпбиіне көшуге дайын екендігін айтып өтті. Ол сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының еліміздің болашағы үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *