Қазақстан Президенті жайындағы кітап әзербайжан тіліне аударылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертетін кітап әзербайжан тіліне аударылып, 500 данамен жарық көрді.

Бұл жайында аударма авторы, әзербайжандық журналист Аида Эйвазова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Профессор Махмұд Қасымбековтың бұл кітабын Интернеттен көріп қалған едім. Содан кітапты 6 ай бойы аударып, еңбектендім. Кітап 500 дана таралыммен жарыққа шықты. Ол сатылмайды, біздің елшілікке және өкілдікке берілетін болады», — деді ол. Кітап Халықаралық түркі академиясының қолдауымен басып шығарылған. «2005 жылы Қазақстанда Президент сайлауына қатыстым. Сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлымен сұхбаттасып, әзербайжан халқына қаншалықты жылы ниетпен қарайтындығын көрдім. Әзербайжан халқы оны өте жақсы көреді», — деді Эйвазова. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге сапары әзербайжан халқы үшін нағыз мерекеге айналды. «Өмірден озған Гейдар Әлиевпен өте жақын дос болды. Сондықтан болар, Назарбаев біздің президентіміз Ильхан Әлиевке әкесіндей қарайды. Бұл тек қана саяси достық емес, бұл екі үлкен тұлғаның шынайы достығы болатын. Сол себепті Ильхам Әлиев те бұл қарым-қатынастарды жоғары бағалайды», — деді әзербайжандық журналист.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *