Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді

 Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыс барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Ағымдағы жағдай туралы ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Атырау, Алматы, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері баяндады.

Сондай-ақ, «Kaz Waste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықтың атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина, «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенко және т. б. сөз сөйледі.

Primeminister.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *