Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде талапкерлерді Студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті

161

         2017 жылғы 17 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқуға жаңа түскен талапкерлерді Студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын болып өтті.

         Университет ректоры, профессор Такир Оспанұлы Балықбаев құттықтау сөзінде биыл оқуға түскен талапкерлердің сапалық құрамы жақсара түскенін, олардың 77-сі «Алтын белгі» иегерлері екенін, сондай-ақ көпшілігі ҰБТ-да жоғары балл жинақтаған жастар екенін тілге тиек етті. Ол  оқу орнын толықтырып отырған жас толқынға сәт-сапар тілеп, «Алтын белгі» иегерлерінің бірқатар өкілдеріне  салтанатты жағдайда Студенттік билеттер тапсырды. Университет Бақылау кеңесінің мүшесі белгілі қоғам қайраткері Кенжехен Матыжанов студенттер қатарына қабылданып отырған бірінші  курстықтарды құттықтап, ҰБТ-да ең жоғары балл жинақтап, университетке түсіп отырған студенттердің бір тобына Студенттік билет тапсырды. Университеттің бұдан 50 жыл бұрынғы түлегі, профессор Жұмәділ Шілдебаев құттықтау сөз сөйледі.

         Мерекелік концертте Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық этнографиялық-фольклорлық оркестрі, Қазақстанның белгілі өнер жұлдыздары және университет көркемөнерпаздары өнер көрсетті.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қоғаммен байланыс жөніндегі  бөлім

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *