Мәжілісте бюджетке енгізілетін түзетулер таныстырылды

Кеше Мәжілісте «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Отырысты Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева жүргізіп, ұсынылып отырған бюджеттік өзгерістермен парламентшілерді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов таныстырды.

Отырыс барысында аталып өтілгендей заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізгі себептері: 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4,3%-ға ұлғайғандығы, макроэкономикалық жағдайлардың тұрақтылығы; Мемлекет басшысының ағымдағы жыл бойы айтылған бірқатар тапсырмасы мен бастамасының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету қажеттігі; сондай-ақ, бюджет қаражатының игерілмеу қаупі бар іс-шаралардан экономикалық өсу мен өңірлердің нығаюына оң әсерін тигізетін және даярлығы жоғары деңгейдегі іс-шараларға қайта бағыттау.

Заң жобасының таныстырылымына депутаттармен бірге бірқатар министрліктің өкілі мен «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Серік Құсайынов бекітілді.

BNews.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *