Бақыт Сұлтанов: 1 қазанға дейін есепті кезең жоспарының 100% орындалды

 ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шығындарын қаржыландыру туралы баяндады.

ҚМ басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 484,1 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджет есебінен — 164,2 млрд теңге, Ұлттық қордың мақсатты трансферті есебінен — 319,9 млрд теңге қарастырылған.

Бірінші бағыт бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға — 314,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 203,7 млрд теңгесі немесе есепті кезең жоспарының 100% орындалды.

Екінші бағыт бойынша индустриалды инфрақұрылымды дамытуға бөлінген 17,7 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі немесе жоспар бойынша 100% игерілді.

Үшінші бағыт бойынша ТКШ жаңғырту, сумен және жылумен жабдықтау, су тарту желілеріне 53 млрд теңге қарастырылған. 44,8 млрд теңге сомасы немесе жоспардың 99,9% орындалды.

Төртінші бағыт бойынша — білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға — мектептердің құрылысына 71,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша өңірлерге 59,5 млрд теңге аударылған, немесе жоспардың 96,7%-ы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *