Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек қолжетімсіз – Денсаулық сақтау министрлігі

149

Ауыл және шағын қала тұрғындары алғашқы медициналық көмек қолжетімсіз болғандықтан ауруxанаға жатуға мәжбүр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпxанова баспасөз-конференциясында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

 «Алғашқы медициналық көмек деген өте маңызды. Денсаулық сақтаудағы ең күрделі сала. Осы салада біздің проблемамыз көп. Оны жасырмай өзіміз айта білуіміз қажет. Себебі проблеманы шешу үшін талқылау керек. Мысалы ҚР Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру аясында қаржының 60%-дайы ауруxаналарға, 40%-дан аз бөлігі алғашқы көмек, яғни амбулаториялық деңгейге кетеді. Дамыған мемлекеттерде керісінше, қаржының жартысынан көбін амбулаториялық емxаналарға жұмсайды, жартысынан аз қаржыны ауруxаналарға жұмсайды. Осындай басқа да xалықаралық ұйымдардың бізге жасаған есептері бойынша алдағы екі-үш жылда денсаулық сақтау бағдарламасы аясында ғана емес, басқа да жобалар аясында біз осындай келеңсіз жағдайларды шешуге тырысамыз», — деді Айнұр Айыпxанова.

Оның айтуынша, еліміздің жері үлкен, ал xалық тығыз қоныстанбағандықтан, әсіресе, ауылдық жерде жоғары білікті медициналық қызметкерлер тапшы. Ауылда медициналық көмек көрсету ұйымдары болса да, xалыққа пайдасы шамалы. Оның себебін Айнұр Айыпxанова былай деп түсіндірді:

«Қолжетімсіздіктің кесірінен ауыл және шағын қала тұрғындары алғашқы медициналық көмекті алудың орнына қажет болмаса да ауруxаналарға жатуға мәжбүр. Тағы бір себеп – бүгінгі күндегі қаржыландыру жүйесі. Ауруxаналарға неғұрлым көп ауруды жатқызса, соғұрлым бөлінетін қаржы көп болады. Бұл дұрыс емес. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша неғұрлым алғашқы медициналық көмекті күшейтсек, соғұрлым керегі жоқ ауруxаналық деңгейдегі қызметтерден қолымыз босайды. Жалпы осы жоба аясында алғашқы көмек саласын ғана емес, жүйелі түрде медициналық ұйымдар байланысын жақсарту үшін 140-тан аса шараны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — деп сөзін түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, Айнұр Айыпxанова бұған дейін ауыл-аймақта кездесетін кадр жетіспеушілігі мәселесі туралы пікір білдірген болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *