Ұлттық банк басшысы Қазақстанның сыртқы қарызы қаншалық өскенін айтты

156

2017 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 167,9 млрд АҚШ доллары болды, оның 7,9%-ы немесе 13,2 млрд АҚШ доллары – бұл мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,7%-ы немесе 6,2 млрд АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышы, 25,2%-ы немесе 42,4 млрд АҚШ доллары – «Басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, қалған 63,2%-ы немесе 106,1 млрд. АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына берген жауабында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме  жасап Kazgazeta.kz.

 Д. Ақышев сондай-ақ мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд. АҚШ долларына өскендігін айтты.

«Банктердің» (екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелері» еурооблигацияларды және қолданыстағы қарыздарды жоспарлы өтеу салдарынан 1,0 млрд АҚШ долларына қысқарды деді ол.

«Фирмааралық берешек, негізінен мұнай-газ жобаларын бұдан әрі қаржыландыру және тікелей инвесторлар алдындағы төленбеген дивидендтер және қарыздар бойынша сыйақы бойынша берешектің өсуі есебінен 1,8 млрд. АҚШ долларына ұлғайды», — деді Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) және тауарлар мен қызметтер экспорты (ТҚЭ) көлемінің өсуі сыртқы борыштың салыстырмалы түрдегі өлшемдерінің жақсаруына ықпал етеді: 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы жыл басындағы 119,3%-бен салыстырғанда 112,4%-ды, сыртқы борыштың ТҚЭ қатынасы – 375,8% салыстырғанда 336,6% болды.

«2017 жылғы 1 жартыжылдықта Қазақстанның таза сыртқы борышы ІЖӨ-ге қатысты 27,6%-ды құрай отырып, 3,1 млрд. АҚШ долларына 41,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды» — деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы, сол сияқты ол мемлекеттік сектор бұрынғыдай қалған әлемге қатысты таза кредитор позициясын, «Басқа секторлар» және «Банктер» секторы – таза борышкер позициясын сақтап отырғандығын айтып өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *