ҚазҰУ – біздің мақтанышымыз

76

         Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматыға арман қуып, білім іздеп  келген жастарға кеңінен құшағын жайып қарсы алатын қара шаңырақ  –ҚазҰУ. Талай қазақ баласына өмірлік азық болатын білім қорын беріп, төрткүл дүниемен теңдесе алатындай бәсекеқабілетті мамандар даярлап  шығаруда еліміздің ең үздік оқу орны. Әлемдік стандартқа сай үш тілде білімберетін оқу орны мемлекетке қажетті барлық салалар бойынша кәсіби  біліктілігі жоғары мамандар даярлайды.

         ҚазҰУ студенті атану – бұл қала ішіндегі қалашықта өмір сүру: өзініңжасыл желекті, қарағайлы-қайыңды таза ауасымен тыныстау, ТМД ең үлкен  кітап қорына ие кітапханада жұмыс жасау мүмкіндігі, өн бойынан өнер  тамған студенттер үшін киелі сахнасын сыйлаған – Студенттер сарайы,  «Керемет» студенттер орталығындағы ұсынылатын қызмет көрсетулер, әрбір  факультеттің жанға жайлы жатақханалары, спортпен шұғылданып, ширақ  өмір сүрем деушілергe спорт зал мен жүзу бассейні, футбол алаңы жұмыс  жасайды, қалашықтың ажарын аша түсетін фонтандар, және де өзін-өзі  дамытуға арналған түрлі студенттік ұйымдарға мүше болуға болады.

         Еліміздегі халық қамын ойлайтын, ел болашағы үшін аянбай еңбек  ететін мемлекеттік қызметкерлерді, білікті де, кез келген істі дөңгелетіп  алып кететін менеджерлерді, креативті, жаңашыл маркетологтарды, аз  шығын – тиімді жеткізу қағидасын ұстанған логисттерді даярлауда  «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының үлесін атап өткіміз келеді.  Еліміз дамыған отыздықтың қатарына кіріп, әлемдік аренадан ойып  тұрып орын алса десек, біздер, болашақ Қазақстанның сенім артқан ұрпағы, қай жағынан болмасын алпауыт елдерге қарсы тұра алатындай болуымыз  керек. Ол үшін, әрине, салауатты өмір салтын ұстанған халқы, білімі мен  ғылымы бәсекеге қарсы тұра алатындай жас мамандары, патриот жастары  бар және де бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан ел болуымыз керек. Білімді  жастарды тәрбиелеуде еліміздегі үздік оқу орны – тұрақты кадрларды  даярлаушы ҚазҰУ.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы

Тынабекова Гүлмира

Сермағамбет Үміт

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *