Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің түбін шектеу туралы хаттамаға қол қойды

Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде Н.Назарбаев пен В.Путин жер қойнауын пайдаланудың тәуелсіз құқығын жүзеге асыру мақсатындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы келісім хаттамасына қосымша хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша хаттама «Құрманғазы» жобасы бойынша келісімшарттық аумақтың ұлғаюын қарастырып, Операторға төрт жылға дейін ұзартуға мүмкіндік қарастыратын алты жылдық мерзімге дейін қосымша барлау мерзімі беріледі.

«Құрманғазы» жобасы бойынша өкілетті ұйым — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүз пайыз еншілес компаниясы – «МНК «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС (50%) мен «Роснефть» ҰК АҚ (50%). Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *