«Сен Ғафудың тағдырысың, Бәдешім!..»

Бір генерал көлік жүргізушісі болып жүрген құрдасын нұсқап әйеліне айтады дейді: «Егер сен анаған тұрмысқа шыққанда көлік жүргізушісінің әйелі болар едің», — деп. Сонда әйелі: «Жоқ, қателесесің, егер мен оған тұрмысқа шыққанда, ол генерал болар еді», — деген екен. Мықты еркектердің артында жағдайын жасап, рухани демеп, өздері көлеңкеде жүрген мықты әйелдер баршылық. Бірақ олар жайлы біз көп жағдайда біле бермейміз. Осындай ерекше жандардың бірі — Ғафу Қайырбековтың жары Бәдеш Хамзақызы биыл 90-ға толған абыз ана. Ғафу ағамыз өмірінің соңына дейін мәңгі ғашық болып өткен жан-жарына арнап талай жырлар жазды. Бәдеш апамыз болса, ақынның артына қалдырған мұрасын ардақтап, жиып-теріп, құнды дүниелерін мұражайға өткізіп, шаңырағының шырағын жағып отырған аяулы жан.

«Сен Ғафудың тағдырысың, Бәдешім!..»




1 пікір “«Сен Ғафудың тағдырысың, Бәдешім!..»

  1. Қарлығаш

    Қандай әсерлі мақала! Тоқсан жастың төріне шыққан Бәдеш апамыздың әлі де тып- тың екенін, ақылымен айналасын үйіріп отырғанын оқып білдік. Осындай Аналарымыз аман болсын, ұрпағының қызықтарына бөлене бергей!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *