Қазақстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері кездесті

Самарқандта Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Эрлан Абдылдаев кездесті. Тараптар өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 «Екі жақ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және жиналған сауда-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты өзара мүдделерін атап өтті. Министрлер екі елдің сыртқы саясат ведомстволары бойынша байланыстарды жандандыру туралы уағдаласты» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қ.Әбдірахманов пен Э.Абдылдаев Самарқандқа Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференцияға және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» кезекті диалогына қатысу үшін барған болатын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *