Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесу кезінде Мемлекет басшысы Үкіметтің жыл басынан бері жасаған жұмысына тоқталып, экономиканың түрлі саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай сапалы іске асырудың маңызды екенін айтты деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Жыл аяқталып келеді. Осы уақыт ішінде көп жұмыс істелді. ЭКСПО-ны, Ислам ынтымағы ұйымының ғылым және технологиялар бойынша саммитін өткіздік. Жалпы алғанда экономика тұрақты» деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың 10 айындағы қорытындыларын баяндап, көрсеткіштердің жағымды динамикасы туралы айтты.

«Он айдың қорытындысы бойынша ағымдағы жылы ЖІӨ өсім 4 пайызды құрады. Барлық 6 сала бойынша қысқамерзімді экономикалық индикаторлардың өсімі байқалады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырудан да оң ықпал күтілуде» — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысын жалпы капиталға салынған инвестицияның көлемі 6,5%-ға артқаны туралы хабардар етті. Үкімет басшысы аталған индикатор бойынша негізгі өсім ел экономикасына жеке инвестицияларды көбірек тартудың есебінен болғанын атап өтті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *