Асқабақ аса пайдалы. Бірақ…

Асқабақ күз мезгілінің ең танымал көкөнісі.  Асқабақтан ботқа әзірлеуге немесе оны тұмшапеште пісіруге, дәнегін шағуға болады. Көбіміз асқабақтың дәмді әрі пайдалы екендігінін бұрыннан білеміз. Ал оның кей адамдарға зиянды болуы да мүмкін….

Асқабақтың қасиеттері

Асқабақтың гликемиялық индексі аса жоғары болғандықтан, қан құрамындағы қант мөлшерін кенет көтеріп  жіберуі мүмкін. Сондықтан қант сусамырына шалдыққан адамдарға асқабақ жеуге тиым салынған.

Асқабақ салмақ тастауға  көмектеседі деген болжамдар айтылғанымен, жоғарыда атап өтілгендей, ондағы гликемиялық көрсеткіштің жоғары болуы  ағзаға әсер етеді. Сондықтан егер диетаға отырғыңыз келсе, асқабақты шикідей тұтынуға кеңес береміз. Өйткені шикі асқабақта гликемиялық көрсеткіш  аз әрі  дәрумендер көп.

Егер асқазан ауруына шалдықсаңыз…

Асқабақтың сілтілейтін қасиеті бар. Сондықтан ол  асқазанның қышқылдық ортасын ашытады. Бұл асқазаны ауыратын адамдар үшін қауіпті. Сол себепті асқазан мен ұлтабар жарасы бар адамдардың асқабақтан бас тартқаны жөн.

Асқабақ дәнектері тіс эмалін кетіреді. Асқабақ дәнегін шаққан соң тіс дәрігерлері міндетті түрде ауызды шайқауға кеңес береді. Себебі дәнек құрамындағы салицил қышқылы асқазан жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді. 100г асқабақ дәнегінде 556 калория бар. Дәнектерді жиі шағу буындарда тұздардың жиналуына әкеледі. Сондықтан күніне 50 дәнектен артық шағуға болмайды. Шикі асқабақ  ішті бұрап ауыртады.

Асқабақтың пайдалы қасиеттері зиянына қарағанда әлдеқайда көп. Бірақ әр нәрсенің мөлшері болатындай, асқабақты да бабымен тұтынсаңыз, мықты денсаулықтың кепілі болмақ. Осыны естен шығармаңыз.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *