«Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ Халықаралық медиа форумы өтті

16-17 қараша күндері Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ Халықаралық медиа форумы өтті. Екі жылда бір рет тұрақты түрде өткізілетін форумның биылғы жылғы тақырыбы «Сананың ашықтығы» деп аталады. Қоғамдағы рухани жаңғыру мен ұлтаралық бірлікті, сананың ашықтығын қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен кәсіби этика мәселелерін талқылау — форумның басты мақсаты болды. Жиынның алғашқы күнінде еліміздің басты телеарналарының танымал тележурналистері шеберлік сабағын өткізсе, екінші күні отандық және шетелдік журналистер TEDx конференциясы форматында залға жиналған қауыммен интерактив байланыста көпұлтты еліміздегі масс-медианы дамыту мәселелерін қызу талқылады. Форумға Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдерінің сарапшылары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай форум жайында: «Маман даярлауымызда және болашақ журналистерімізді дұрыс бағытқа бағдарлап, оларды обьективті мұқият қарап жазуға, сөздің құдіретін түсіну деген мәселелердің барлығы осындай алаңдарда әңгіме болады. Менің ойымша, бұл тек студенттерге ғана емес, кәсіби журналистерге де үлкен пайдасы бар» — деді.

Форумның соңында бұқаралық ақпарат құралдары саласында өткізілетін «Шаңырақ» дәстүрлі байқауының биылғы жылғы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *