Көз – адамның айнасы

1405

Көз біздің жан дүниемізбен қатар ағзадағы ауытқушылықтардан белгі береді. Ал көз аурулары ағзадағы әлі белгі бермеген дерттердің бар екендігін көрсетеді.

Көз ауруларының себептері

1. Теріскен. Теріскен көзді ауыртып, бірқатар қолайсыздық туғызады. Егер де теріскен 3 айға дейін мазаласа, бұл обырдың сирек кездесетін түрі болуы мүмкін. Ол май бездерінің карциномасы деп аталады.

2. Қастың түсуі қалқанша безінің қызметіндегі ақаулықтан хабар береді.

3. Көздің бұлдырауы. Компьютер алдында жиі отырсаңыз, немесе жұмысыңыз компьютермен байланысты болса, көзіңіздің ашып, бұлдырауына әкеледі. Бұл өз кезегінде «компьютерлік көз» синдромына шалдықтырып, күнделікті өмірде де, жұмыста да бірқатар қолайсыздықтар тудыратыны сөзсіз. Сондықтан дәрігер-офтальмологтың кеңесіне жүгініп, көз тамшылары мен дәрумендерін қолданыңыз.

4. Соқыр дақ. Көру аймағында пайда болған дақтар ақаудың бар екендігін білдіреді. Егер де көз алдыңызда жылт-жылт еткен оттар мен ирек сызықтар жиі көрінсе, бұл бас сақинасының белгілері болуы әбден мүмкін. Аталған дақтар бастың ауыруымен қатар келеді.

5. Көздердің бадыраюы қалқанша безінің ауруында байқалады. Ол без жұмысының белсенділігі тым артқан кезде, яғни гипертиреозда пайда болады.

6. Көздің бұлдырауы жиі мазаласа көз дәрігері мен эндокринологқа көрінгеніңіз абзал. Себебі көздің бұлдырауы сусамыр ретипопатиясында болады. Бұл дертті дер кезінде анықтап, емдемесе, арты көздің көрмей қалуына соқтырады. Өйткені бұл дерт көздің қантамыр жүйесіне кері әсер етеді.

7. Көз ағының сарғаюы сары ауруда білінеді. Ол әдетте жаңа туылған нәрсетелерде билирубин көрсеткіші жоғарылағанда жиі кездеседі. Сары аурудың Басқаша атауы – гепатит. Егер сары ауруға ересек адамдар шалдықса, бауыр, өт қабы мен өт жолдарының ауруларында белгі береді.

8. Көзге қос көрінсе, көру қабілетінің нашарлауы, немесе көрмей қалуы қауіпті болып табылады. Бұл инсульттың басты белгілері. Сондықтан оны елемеуге мүлде болмайды.

Осылайша, көз ауруларының түрлі көріністері қауіпті аурулардың бастапқы кезеңінде көрініс беруі әбден мүмкін. Дер кезінде дәрігер бақылауында болып, жоғарыда аталған аурулардан сақтаныңыз.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

tacprosto.cc

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *