Қант сусамырынан сақ болыңыз

Қант сусамырына шалдығатын адамдар саны жыл сайын артып келеді. Жер шарында бұл аурудың кең тарап жайылуы эпидемия сипатын алуда. Өйткені қант мөлшерінің шамадан тыс артуы ағза мүшелерінің барлығын дерлік зақымдайды.

Дерттің туындау себептері көп.Алайда адамдар ауру жаңадан пайда бола бастаған кезде оның белгілерін байқамай, асқындырып алады. Ал дерт әбден дендеп, асқынған кезде, онымен күресу оңай емес.

Төменде қант диабетінің бастапқы кезеңдегі кең таралған белгілерін айтамыз. Олар мыналар:

Көздің көру қабілетінің артуы

Иә, таң қалмаңыз, сусамыр ағзада пайда бола бастағанда көздің көру қабілеті жақсарады екен. Оның себебі – көздің шамадан тыс сулануы.

Есту қабілетінің нашарлауы

Қандағы қант мөлшері артқан сайын науқастың есту қабілеті 30 пайызға кемиді. Мұның себебі құлақтағы қан-тамырлары жүйке жасушаларының зақымдалуында.

Шөлдің қанбауы

Қант мөлшері артқан сайын, көп мөлшердегі су ағзадан шайылып кетеді.

Қышыну сусамырдың айқын белгісі.

Тері ақаулары меланиннің артуымен түсіндіріледі. Қант мөлшері артқан сайын, тері қабатын зақымдап, саусақ буындарында, шынтақта және мойынның артқы бөлігінде қара дақтар көбейеді. Бұл белгі әсіресе, әйел адамдарда анық байқалады .

«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыз, дер кезінде дәрігерге қаралыңыз. Өйткені сусамыр дертін асқынған кезде емдеу оңайға соқпайды.

Үміт Жұмаділова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *