Назарбаев пен Лукашенко бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды

164

Елбасының Минскіде кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге қатысуыныңнәтижесінде бірнеше екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің Беларусь Республикасына ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт және 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрлігі арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарт.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *