ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Алматыға барды

175

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек экономиканы цифрландыру бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың орындалу барысымен танысты.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин жүргізушілерге қажет құжаттар санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін «Е-айыппұлдар» пилоттық жобасын таныстырды.

Бағдат Мусиннің айтуынша, ендігі жүргізуші туралы барлық мәліметті, оның ішінде техпаспорт пен сақтандыру полисінің болуын ЖСН-мен планшет арқылы тексеруге болады. Бұл жүйе енгізілген соң автожүргізушілер полиция қызметкеріне тек жүргізуші куәлігін көрсетуіне болады. Айыппұлды жүргізушілер дәл сол жерде немесе мобильді POS-терминал арқылы төлей алады, және төленген ақша бірден автоматты түрде төлем жүйесінен көрінеді.

«Енді хаттамаларды рәсімдеу бар болғаны үш әрекеттен тұрады, олар: ЖСН енгізу, автомобильдің мемлекеттік нөмірін жазу және тәртіп бұзу бабын көрсету. Яғни, бұдан былай жүргізушілерге құжаттар пакетін өзімен алып жүру қажет емес. Жергілікті полициямен бұл жүйе тестілеуден өтті», — деп атап өтті Б. Мусин.

Өз кезегінде Алматы әкімі «Е-айыппұлдар» жобасының мегаполисте енгізілуіне қолдау білдірді және қаланың патрульді қызметтерін планшеттермен, мобильді термопринтерлермен жабдықтау үшін қаржы іздестіруді тапсырды.

«Қазақстанды цифрландыру үдерісі онсыз да түрлі кеңсешілдік кедергілерді жойып, жемқорлықты азайту үшін жасалып жатыр», — деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында барған келесі орын «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының аумағында орналасқан «Tech-Garden» ІТ-аймағы болды. ІТ-аймақтың резиденттері — 10 компания мен 15 стартап. Бұлардың барлығы IBM, ARM, Autodesk, 1C секілді заманауи технологиялық палтформаларды пайдаланады.

Жобаға қатысушылардың көпшілігі мұнай-газ, металлургия, машина жасау сияқты өндіріс саласымен айналысатын танымал шетелдік компаниялармен бәсекелес, сонымен қатар олар қала инфрақұрылымын дамытуға өздерінің әзірлемелерін ұсына алады.

Асқар Жұмағалиев инновациялық негіздегі жобалармен танысты және Қазақстанның түрлі өңірлерінің және жақын шетелдердің стартап-компанияларының қатысуымен тәжірибелік шеберлік сыныптарын өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары мен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 пошта өнімдерін жібереді. Жүйе салмағы 10 кг-ға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен халықаралық шағын пакеттерді іріктейді.

Казпочта

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, интернет арқылы сауда жасау күн санап артып келе жатыр. Жыл басынан бері Қазақстанға тоғыз млн-нан астам шетелдік пошта өнімі түскен.

«Егер биылғы жылдың тамыз айына дейін біз тәулігіне 10 мың пошта өнімін іріктесек, сұрыптау машинасы мен мобильді терминалдың арқасында өңдеу жылдамдығы он есеге ұлғайтылды. Технологиялық процесті оңтайландыру арқылы пошта өнімдері тәулік бойына сұрыпталады. Оның үстіне, сұрыптау жұмыстарын автоматтандыру процесі пошта қалташаларын нақты бағыттар бойынша іріктеуге жол ашты, бұл хат алушыға сәлемдемені жылдам жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Сәкен Сәрсенов.

Жақсы базаның, дамыған логистиканың және потша бөлімшелерінің жүйелері негізінде «Қазпошта» бүгінгі күні e-Сommerce инфрақұрылымын жүзеге асыра алады. Алматыда интернет-магазиндерге көмек ретінде фулфилмент қызметі іске қосылған, ол пошта өнімін сұрыптайды, сақтайды, қаптайды және жеткізеді.

С. Сәрсеновтың сөзіне келсек, «Қазпошта» Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға немесе кері бағытта транзит арқылы хабтарды іске қосумен түрлі транзитті жобаларға қатысады. Бұл Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге немесе Еуропаға транзиттті өнімдердің 20%-дан астамын өткізуге мүмкіндік береді. Егер 2016 жылы «Қазпошта» арқылы транзитті лектің көлемі 53%-ды құраса (10 млн өнім, 2015 жылы 6,5 млн болған), компания 2017 жылы 17 млн өнімге артады деп күтуде.

Дереккөз:Primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *