Үкіметте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қорытынды нұсқасы таныстырылды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қорытынды нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

«Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономиканың жедел технологрялық дамуын қамтамасыз ету міндетін алға қойғаны белгілі. Дамыған және серпінді елдердің озық тәжірибесі ІТ-саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым стратегиялық бағыты болуы қажет екендігін көрсетті. Осыған орай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылған болатын. Министрлік бұған дейін Мемлекет басшысы айтқан мәселелерді қарастыра отырып, бүгінгі күні бағдарламаның соңғы, қорытынды нұсқасын әзірлеп, назарларңызға ұсынып отыр», — деді министр.

Оның айтуынша, бағдарламаны дайындауға шетелдік және жергілікті сарапшылар кеңінен тартылды. Шетелдік сарапшылар ретінде Дүниежүзілік банк, Boston consulting group, Гартнер және тағы басқа компаниялар қатысса,  Қазақстаннан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, IT компаниялар қауымдастығы мен Интернет қауымдастығы үлесін қосты. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар белсене атсалысты.

«Елбасы атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Осы орайда, жаһандық цифрлық экожүйеде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның экономикасын цифрландыру бастамасының өмірлік маңызы зор болмақ», — деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мәтініне оны жүзеге асыру бөлігі бойынша бірқатар толықтырулар енгізілді.

«Осылайша, бағдарлама 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңді қамти отырып, ел экономикасының технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің ұзақмерзімдік әрі ауқымды өсімі үшін жағдай жасауы тиіс»,  — деді Дәурен Абаев.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *