Нығматулин: Қазақстанның мемлекеттік шекарасын құқықтық рәсімдеуді жеделдету қажет

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.

«Біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде», — деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.

«Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді», — деді Мәжіліс төрағасы.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *