«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға кімдер қатысады

Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қандай мақсатта дайындалып жатқанын көпшілікке түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 «Қазақстанды дамыған 30 елге қосуға мүмкіндік беретін, қуатты, индустриялды серпілісті қалыптастырудамыз. Үшінші жаңғыру бағдарламасы еңбек өнімділігін арттырып, отандық тауарлар экспортының кеңеюіне жағдай жасауы қажет. Алдымызда 4.0 технологиясын енгізу мәселесі тұр. Мұның не екенін түсінуіміз қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы дайындалды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін әрбір министрлік, әрбір әкімдік, әрбір компания атсалысуы қажет», — деді Елбасы жиында.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта Астанада өтетін цифрландыру форумы жоғары деңгейде өтуі қажеттігін алға тартты.

«Алдағы уақытта цифрландыру бойынша өтетін ЕАЭО форумын тиісті деңгейде өткізуіміз қажет. Мен премьер-министрдің орынбасары ретінде Асқар Жұмағалиевті бекіттім. Ол маған ай сайын қандай кәсіпорын, қандай компания цифрландыруға көшкені туралы есеп береді. Бұл туралы ақпарат республикалық газеттерде, біздің телевидениедегі ақпараттық бағдарламаларда шығуы қажет. Жұмыс осыдан басталуы керек», — деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *