Әл-Фараби ізін өшірмеген ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы көшбасшы білім ордасы. Әлемдік QS рейтингінде 236 орынға тұрақтаған университеттің дамуы және өркендеуі өте жылдам жүріп жатыр. Бұл біріншіден университеттің ішкі құрылымына байланысты.

Аталмыш білім ордасында он бес факультет бар. Он бес түрлі сала, жүзге тарта салалар негізінде мамандар дайындайтын алып ордада жиырма мыңға жуық студент білім алады. Қала ішіндегі қалашық атанып үлгерген университеттің рухани-гуманитарлық бағыттағы керегесі болып тұрған қара шаңырақ – филология және әлем тілдері факультеті.

Филология және әлем тілдері факультеті әдебиет саласы бойынша, тіл және лингвистика мамандықтары бойынша студенттерді оқытады. Факультеттің қара шаңырақ болып аталуына себеп, университет іргесі қаланған кезде ең алғаш ашылған факультеттердің бірі болып тіркелген.

Қазақ әдебиетінің қаймағы болған Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдоловтар дәріс берсе, түркі даласының бал-балын әлемдік деңгейде зерттеген Алтай Аманжол сынды ғұламалар шыққан.

Ұлы ғұлама, дана, данышпан Әл-Фараби бабаның атындағы университет соңғы бес жыл ішінде үлкен жобалардың жаршысы болып, халықаралық деңгейде таныла бастады. Мәселен ЮНЕСКО-ның хабы болуы, «Смарт» қалашық атануы, «Айналаңды нұрландыр», «Жүз кітап» сынды түрлі жобаларды іске асыру арқылы білім мен ғылым ден қойған білім ордасының бәсі басым. Елдегі көшбасшы болуына басты себепкер студенттер мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы, білім беру жүйесінің ерекшелігі.

Филология факультетінде Қазақстанға белгілі профессорлар, докторлар, академиктер дәріс беріп, жұмыс жасайды. Олардың әрбір берген білімдері шәкірт санасында ұйып қалары анық. Себебі өткен ғасырдағы даналардың, олардың шәкірттерінің көзін көрген ұстаздар дәріс оқып, естеліктер айту арқылы студент жастарды әдебиет әлеміне алып келеді.

ҚазҰУ-дың тағы бір керемет жетістігі «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. Орталық ішінде студент жастарға арналған барлық жағдай жасалған. Мәселен құжаттар бойынша, кеңселер, жастармен жұмыс бөлімі, қалашық басшылықтары мен шаштараз, кітап дүкені, дүкендер бар. Тек бұл ғана емес, ТМД елдері ішінде озық технологиясымен алға шыққан білім ордасында диагностикалық орталық бар. Онда шет елден келген және Қазақстан Республикасына белгілі дәрігелер құрамы жұмыс жасайды. Орталық ішінде барлық дерлік ауруға қарсы ем-дом жасалып, студенттердің денсаулығы сақталады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соның ішінде филология факультеті рухани факультет ретінде көрініс табады. Әдебиетші, тілші, лингвист болам дейтін асқақ арманға қол жеткізген әрбір жас түлек осы университетті таңдайды. Себебі ертең білімдерін аяқтаған кезде тек білікті маман ғана емес, сұранысқа ие ғалымдар болып шығады.

Екі жылдық магистрлық және үш жылдық Phd докторантура ілімдері жалғасын тапса, факультет әлемнің үздік елдерімен және сол елдердің университеттерімен тығыз қарым-қатынаста. Тек бір дипломды қанағат тұтпасаңыз сіз үшін қос диплом халықаралық жобасы да қарастырылған.

Қазақ Ұлттық университеті өз алдына бір қалашық болғаннан кейін, бұл білім орданың ішкі сұлулығы да, табиғи көрінісі де студенттер үшін таптырмас демалыс орыны. Түрлі жәдігерлермен, мүсіндер және археологиялық ескерткіштермен көмкерілген университет бүгінгі заман талабына сай білім ордасы.

Ақмарал ҚҰРМАНАЕВА,

Филология және әлем тілдері факультеті,

«Лингвистика» мамандығының

 ІІ курс докторанты

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *