Қырғызстан Президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қазақстан Президенті мен Қырғыз Республикасының Президенті телефонмен сөйлесті.

Әңгіме барысында қос мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Екі елдің президенттері биылғы жылдың 2 желтоқсанында Астанада екі елдің үкіметтері бекіткен Жол картасының жүйелі жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Осы мәселеге қатысты Қырғызстан Президенті шекарадағы күшейтілген бақылаудың алынуы мен қазақ-қырғыз шекарасының қалыпты режимге көшкені үшін Қазақстан басшысына алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков сондай-ақ, алдағы кездесу кестесін, соның ішінде Қырғыз Президентінің Қазақстанға сапарын қарастырды. Телефон арқылы болған әңгіме қырғыз тарапының бастамасымен өтті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *