Алик Шпекбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

444

Мемлекет басшысы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады. 

Бұл туралы бүгін Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды. Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары — Талғар қаласы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының студенті;

1975-1977 жылдары — Кеңес Әскерінің қатарында қызмет етті;

1978 жылы — Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі;

1980-1984 жылдары — Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы;

1984-1988 жылдары — Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі;

1988-1989 жылдары — Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы;

1989-1991жылдары — Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы;

1991-1993 жылдары — Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясынның тындаушысы;

1994-1995 жылдары — Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы;

1995-1997 жылдары — Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы;

1997-2000 жылдары — жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;

2000-2003 жылдары — Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы.

2003-2008 жылдары — Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі.

2008-2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» меркелік медальдарімен, сондай-ақ ведомстволық медальдарымен наградталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

Алматы облысының Құрметті азаматы.

Отбасылы, екі ұлы және қызы бар.

Дереккөз:ҚазАқпарат агенттігі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *