ҚТЖ билеті сататын мобильдік қосымшаны іске қосты

15

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  rail-travel.kz порталынан ktjportal ұялы телефон байланысына арналған қосымшасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз ықзметіне сілтеме жасап.

Компания қосымша арқылы жолаушыға толық ақпарат ұсынып, электронды теміржол билетін сатады.

«Пайдаланушы пойызға билет алудың электрондық және электрондық тіркелусіз билет алу, бос орын болмағанда күту парақшасынан орын алуға, бұрын сатып алынған билетті қайтару туралы ақпараттармен таныса алады. Стансадағы пойыз кестесін біле алады. Дисконт картасын пайдалануға, бір тапсырыспен ақ екі бағыт бойынша да билет ресімдеуге, таңдаған бағдарындағы жолаушылар вагонын сапасы туралы ақпарат алуға болады», делінген хабарламада.

Бұдан басқа, пайдаланушыға пойыздағы қызмет көрсету мен вагон сапасын бағалауға мүмкіндік берілген.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *