Ахметжанов Есімовке «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді

162

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін бірқатар тұлғаға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы — «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

Қуатов Руслан Тұржанұлы — «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;

Үшкемпіров Жақсылық — «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан

№ 594




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *