16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!

162

16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманына айналған бұл мерекенің әрбір отандасымыз үшін орны ерекше. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Егемендігімізге қол жеткізген 26 жыл ішінде жас мемлекетіміздің жеткен жетістіктері аз емес. Елімізде орын алған мамыражай бейбітшілік пен тыныштық, қауіпсіздік пен көп ұлтты Қазақстан халқының ажырамас бірлігі, ел болашағына деген берік сенімге аяқ басуымыз Елбасының парасатты саясатының жемісі.

Тәуелсіздік – білектің күшімен, найзаның ұшымен қан майданда шайқасқан бабаларымыздың басынан өткерген азапты күндерінің өтеуі ретінде ұрпағына берілген ұлы сый. Ол 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың берік рухының  отаншылдық жалынының жемісі. Сондықтан,  тәуелсіздік тұғырын берік ұстап, ел болашағын жаңа белестерге көтеру бүгінгі күннің еншісінде. Ұлы тарихқа тағзым етіп, Отан мүддесі үшін қызмет етейік. Бірлігіміз нығайып, берекеміз асқан елге айналайық. Аспанымызбен астасқан көк туымыз биіктен желбірей берсін! Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын, ағайын!

«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *