АҚШ Қауымдар палатасы салық реформасын қабылдады

294

АҚШ конгресінің Қауымдар палатасы президент Дональд Трамп ұсынған салық жөнінде заң жобасын қабылдады.

Дауыс беруге қатысқан төменгі палатаның 227 депутаты құжатты қолдаса, 203-і оған қарсы шықты. Бірақ жаңа заңнаманы ешбір демократ қолдаған жоқ. Сондай-ақ республикалық партияның 12 өкілі де наразы. Енді заң жобасын Конгресс сенаты талқылауы тиіс.

Сарапшылар: «Жоғарғы палата да реформаны бекітеді», – деп болжап отыр. Ал жаңа заң жобасына сәйкес, компаниялардың кірісіне салынатын салық мөлшері 35 пайыздан 21 пайызға дейін төмендетіледі. Құжат авторларының айтуынша, мұндай өзгеріс АҚШ аумағында кәсіп жүргізудің тиімділігін арттырып, қазынаға триллиондаған доллар қаржы әкеледі. Сонымен қатар жеке тұлғаларға қатысты салық жүйесі де өзгертіліп, жеңілдету жағы қарастырылған.  Дегенмен мамандар салықтық реформа ел бюджетіне алдағы 10 жыл ішінде тағы 1 жарым триллион доллар дефицит тудырады дегенді айтады.

Сара Сандерс , Ақ үйдің баспасөз хатшысы: 

– Мен ұсынылған заң жобасына егжей-тегжейлі үңіліп, оны түсіндіргелі отырған жоқпын. Өйткені дәл қазір оған қатысты қолымда нақты ақпар жоқ. Бірақ мен бұл  орта тап америкалықтарға көмектесуге, олардың мол табыс табуына мүмкіндік беретін жоба деп нық сеніммен айта аламын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *