«Қазақ» газеті атындағы сыйлық тағайындалады — министр Абаев

319

Қазақ сайттары редакторларының форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықтың тағайындалатынын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

«Бүгінгі жиынды пайдаланып, тағы бір жаңалықты жеткізгім келіп отыр. Алдағы жылы ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толады. Осыған орай, «Үркер» байқауы аясында «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықты тағайындауды жоспарлап отырмыз», — деді Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында министр Абаев БАҚ саласындағы арнайы стратегияның дайындалатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Абаев қазақ сайттарының негізгі міндеттерін атады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *