Пияздың емдік қасиеттері

74

Пиязда эфир майларының мөлшері көп. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ пиязды семіздіктен арылу үшін ем ретінде тағайындаған.

Пияз шырыны жастықтың қайнар көзі.

Пияз құрамындағы мырыш теріні жасартып, оның серпімділігін қалыпқа келтіреді. Пияздан жасалған бет маскасы әжімдерді тегістеп, теріні ағартады.

Түйінді пиязды үккіштен өткізіп, бал қосыңыз. Бетке зәйтүн майын жағып, пияз бен бал тұнбасын жағыңыз. Бет құрғай бастағанда, тұнбаны тағы екі рет жағып, бетіңізде шамамаен 30 минут ұстаңыз. Содан соң бетіңізді жылы сумен жуып, айран жағып қойыңыз. Айран пияздың жағымсыз иісін кетіріп, теріні тыныштандырады. Мұндай масканы араға екі күн өткізіп, жасап тұрған жөн. Маска барлығы 10 мәрте жасалған соң бетіңіздегі әжімдер тегістеліп, теріңіз ағарады,  секпілдер мен қара дақтар кетеді. Беттің сопағы тартылып, жинақталады.

Пияз сығындысы –  жасушаларды жасартатын сиқырлы сусын. Оның құрамындағы  аскорбин қышқылы, йод, фитонцидтер мен кверцетин флавоноиды тері жасушаларының жасару мен қалпына келу процесстерін жылдамдатады.  Пияз тұнбасын ішу арқылы сіз тұмау ауруларының алдын алып, бет теріңіздің реңкін жақсартасыз. Тұнбаны дайындау үшін 10 пияз бен бір тал сарымсақты тазалап, 1л сүт құйып, 1 сағат бойы қайнатасыз. Піскен сүтті сүзіп, суытасыз. Суыған сүтке 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаны тоңазытқышта қақпағы жабылған әйнек ыдыста сақтау керек.
Сығындыны аптасына 5 рет 1 ас қасықтан тамақ ішер алдында  қабылдауыңыз қажет. Иммунитет үшін бұл аса пайдалы.
Пияздың өткір иісі бастың ауырғанын басады. Өйткені пияз құрамында фитонцидтер көп.

Пияз сығындысы тырнақты қатайтады.
Пияз асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартып, ағзадағы улы заттарды айдайды. Пиязды аптасына жеті күн бойы жеген жөн. Ал пияз көжесін ішсеңіз, қаныңыз тазарады, денсаулығыңыз нығайып, артық салмақтан арыласыз.

Пияз сорпасын әзірлеу үшін 6 тал пияз, бірнеше тал қызанақ, 1 тал қырыққабат, 2 тал болгар бұрышы, 1 түйін балдыркөк, бір түйін ақжелкен қажет. Көжеге талғамыңызға қарай сарымсақ, кәді, қояншөп, сәбіз қосуға болады. Көкөністердің қабығын аршып, турап, дайын болғанша қайнату керек. Піскен сорпаға дәмдеуіштер мен бұрыш қоссаңыз құба-құп.Сорпаны күніне 3-4 рет ішіңіз. Осылайша бір апта бойы жоғарыдағы диетаны ұстансаңыз, салмақ тастайсыз, тамырларыңыз тазаланып, асқорыту жүйесі жақсарып, иммунитетіңіз  нығаяды.

Түйінді пияздың әйелдер қауымы үшін пайдасы аса зор. 1 тал пиязда А мен С дәрумендері, кальций, калий  мөлшері көп. Бұлар әйел ағзасының тұрақты жұмысы үшін аса қажетті болып саналатын заттар. Сондықтан күніне 1 тал түйінді пияз жегеніңіз жөн.

Дайындаған Үміт Жұмаділова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *